ОҚЫТУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ

27 наурыз, 2024

       Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары оқытушыларының білім деңгейін көтерумен қатар, мектеп мұғалімдеріне арналған өзекті тақырыптарда  да біліктілікті артырады. Сондай-ақ, мұнда қайта даярлау мен қосымша білім беру аясында білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік мол. 
       25-наурыздан бастап Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында оқыту курстары басталды.  Аталған курсқа М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен 23 оқытушы ынта білдіріп, қазіргі таңда біліктілік деңгейін арттыруда. Өтініш білдірген жандардың курс бойынша оқытушылары да белгіленіп, барлығы 72 сағатты қамтитын сабақтар онлайн форматта өтуде. Тағы да айта кететін жайт, курсқа қатысушылар   психология, құқықтану, экология, экономика, математика, кітапхана ісі, қаржылық есеп, сонымен қоса Қазақстан тарихы және тағы да басқа пәндер бойынша біліктілігін арттыруда. 
      Сабақ басталғаннан-ақ М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті оқытушыларының белсенділігі бірден байқалды. Еске сала кетсек, курсты ойдағыдай тәмамдағаннан кейін барлық оқытушыларға біліктілігі бойынша арнайы сертификат табысталатын болады.