«Белсенді ұзақ өмір сүру тәжірибесі және даму перспективалары» халықаралық форумы
26 қыркүйек, 2025
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты Алматы қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығымен» бірлесіп, 2025 жылғы 30 қыркүйек күні «Белсенді ұзақ өмір сүру тәжірибесі және даму перспективалары» атты халықаралық форум өткізеді.
Форумның мақсаты: егде жастағы азаматтарды қолдау саласындағы үздік халықаралық тәжірибелерді талқылау, заманауи технологиялар мен инновациялық тәсілдерді таныстыру, өмір сапасын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу.
Форум аясында.
- Панельдік сессиялар мен пікірталастар (ҚазҰУ кітапханасы);
- Алматы қаласы мен Алматы облысының белсенді ұзақ өмір орталықтарының тәжірибесімен танысу;
- «Күміс университет» жобаларының таныстырылымы;
- Декоративті-қолданбалы өнер және бейнелеу өнері көрмесі, шығармашылық ұжымдардың концерті, шеберлік сабақтары;
- Шетелдік қонақтарға арналған мәдени бағдарлама мен экскурсиялар.
Өтетін уақыты мен орны:
30 қыркүйек 2025 жыл, сағат 09:00
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Кітапхана ғимараты
Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71/27
Басқа жаңалықтар
.jpg)
30 қыркүйек, 2025
.jpg)
29 қыркүйек, 2025