Білім берудегі, дене шынықтырудағы, спорттағы және туризмдегі инновациялар

28 наурыз, 2024

2024 жылдың 28 наурызында сағат 12.00-де әл-Фараби кітапханасында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Шепетюк Михаил Николаевичтің «Білім берудегі, дене шынықтырудағы, спорттағы және туризмдегі инновациялар» тақырыбында көшбасшылық дәрісі өтеді

Іс-шараны ұйымдастырушы: медицина және денсаулық сақтау факультетінің дене тәрбиесі және спорт кафедрасы.

Көшбасшылық дәрістің мақсаты: болашақ жаттықтырушыларды, мектеп мұғалімдерін және спорт ұйымдарының қызметкерлерін даярлауда инновацияларды енгізу туралы тәжірибелерімен және пікірлерімен бөлісу.