ТДМ 2: «ЕҢ ТАЗА БӨЛМЕ»

25 наурыз, 2024

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» ТДМ - 2 аясында , 14 жатақханасында тұратын студенттердің тұрмыс жағдайының сапасын арттыру мақсатында, АР-ҰЯТ, ТАЛАП тәрбие бағыттарын көздей отыра «ЕҢ ТАЗА БӨЛМЕ» акциясы ұйымдастырылды. 
«Ең таза бөлме» акциясын қорытындылай барлық бөлмелер арасынан жүлдері орынға кураторлар және жатақхана соц.кеңес төрағасы Сексенбір Ақтоты және 3 қабатқа жауапты тазалық секторы Ержан Нұргүлдің  шешімімен
Бас жүлде 324 «б», 324 «2б» (қыздар) бөлмелер
І орын 330 «б» (ұлдар) бөлме
IІ орынға 332 «2б» (қыздар) бөлме
ІІІ орын 332 «б» және 317 «б» (қыздар) бөлмелер
IV орын 215 «б» (қыздар) және 508 «б» (ұлдар) бөлмелердің тыңдаушылары ие болды. Кафедра тарапынан тазалық денсаулық кепілі қағидасын ұстау мақсатында тыңдаушыларға күнделікті тұрмыста қолданылатын тұрмыстық заттары мен тәттілер ұсынылды. 
Акцияның мақсаты: 
Тыңдаушыларға адам бойындағы қасиеттерді қастерлеп, өмір талабына сай заңдылықтарды түсіндіру, үйрету. Жастардың бойында еңбектің ең бірінші өмірлік қажеттілік, өмірлік табыстарға жетудің басты тәсілі мен жоғары құндылық ретінде қалыптастыру. Әдептілік, имандылық, құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл да абыройлы жас ұрпағын еңбексүйгіштікке, рухани жаны таза адам болуға тәрбиелеу. Бұл үрдісті жатақхана тұрғындарына дәстүрлі түрде өтетін іс-шара ретінде жалғасын таппақ