ТДМ 4 аясында ұйымдастырылған «BOOKCLUB Farabi» шарасында тыңдаушылар өздеріне берілген уақытта "Абай жолы" романын оқып аяқтап, қызу талқыға түсірді. Абай жолы романы қазақ әдебиетіндегі тұңғыш жазылған роман-эпопея болып саналады. Тыңдаушылар көркем туындының әдеби жағынан да, тарихи жағынан қызықты болғанын, туындыдан алған ісерлері көп болғанын айтты.
Бұл шараның басты мақсаты – тыңдаушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқуға деген құштарлығын ояту, сонымен қатар бір-бірімен пікір алмасып, өз ойларын ортаға сала отырып, өз бетінше оқу дағдысын дамыту. "Абай жолы" романынан бөлек тыңдаушылар оқыған көркем әдебиет шығармаларымен таныстырды. Іс-шараға қатысушылар екі командаға бөлінді, олардың әрқайсысы қысқа мерзімде оқыған кітабын ең жақсы түрде жарнамалады. Өздері оқыған кітаптың ерекшеліктерімен таныстырып, оны не үшін оқу керектігін айтты. Бүгінгі оқырманға ақпарат жарқын, қызықты және мүмкіндігінше қысқа болуы керек, сондықтан тыңдаушыларға «bookclub Farabi» форматындағы өткізілген іс-шара ұнады және үлкен қызығушылық тудырды