ТДМ 4. «Тарихқа тағзым күні» атты ашық кураторлық сағат

25 наурыз, 2024

25 наурыз күні сағ. 1400 жылуфизика және техникалық физика кафедрасының 1-курс жылуэнергетика (137 топ) білім беру бағдарламасы студенттеріне тарихты тануға ұмтылу мақсатындаТарихқа тағзым күніне орай арнайы ашық куратор сағаты өтті.

Наурызды тойлау күн - «Тарихқа тағзым күні» күні. Себебі халқымыздың тарихын, ескі жәдігерлерін, дәстүрін, салтына терең мән бермей өсетін ұрпақтың болашағы - бұлыңғыр. Қазақстандықтар үшін киіз үй, қазақша көйлек киген қыз-келіншектер, күрес, қой көтеру, алтыбақан, ұлттық ойын түрлері - жылдағы мейрамның үйреншікті көріністері. Еліміздің қай өңіріне барсаңыз да, мерекелеу дәстүрі осындай. Ал қазағымыздың - шығу тегі мен тарихын болашақ ұрпаққа үнемі жаңартып, заманға сай, жаңа талаптармен маңызды етіп көрсету, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Қазақстан жас мемлекет болғанымен, оның тарихи тамыры сонау ғасырлардан бастау алады. Бұл күні біз тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеуге зор еңбек сіңіріп, азаттық жолында құрбан болған әрі елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Тынышпаев сынды Алаш қайраткерлерін еске аламыз.

 

ХХ ғасырдың басында тамаша білім алған, ой-өрісі кең және тұңғыш ұлттық үкіметті құрған қазақ халқының патриот саңлақтарының арқасында қазақтың саяси идеясының негізі қаланды. Олар халықтың өзіндік санасын биік деңгейге көтеріп, ұлт-азаттық идеяларын алға тартты, ұлттық мүддені қорғаудың дәйекті бағытын ұстанды.

30-жылдардағы зұлмат пен оның қасіреті – қазақ тарихындағы айтуға да ауыр жағдайлардың бірі. Бүгінгі ұрпақ жазықсыз жапа шегіп, қуғын-сүргінге түскендер мен ашаршылық құрбандарын еске алып, келешек ұрпақтың санасына сіңіріп отыруы қажет.

Адам қай өмір жолын таңдаса да, өз елінің тарихын, түп-тамыры мен шыққан тегін білуге, құрметтеуге, бабаларымыздың бүгінгі ұрпақ үшін жасаған ерлігін ардақтауға міндетті. Алаш арыстарының алдында бүгінгі ұрпақ қарыздар. Туған халқының алдында Алаш зиялылары Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін аянбай еңбек қылды. Ұлт зиялыларының мақсат-мүддесі, арман-тілегі, ұлттық идеясы Қазақ елінің рухын асқақтатып, жаңа қоғамымыздың бүгінгі мен келешек өскелең ұрпағының рухани өсіп-өнуіне, дамуына игі ықпал еткен идея ұлт тарихында мәңгілік қызмет ете береді.

Кейінгі ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуде рухани құндылықтармен қатар тарихи сананы да тереңінен сіңіру керек». Бұл -  тарихты тануға ұмтылған жастардың ұстанымы.Тарихты біліп, танымыңды арттырып, тамырыңды сезіну әрбірімізге азаматтық парыз! Ұрпақтар бабаларын танып-біліп жатса, нұр үстіне нұр болмақ.

 

Тарихқа тағзым күні» ұрпақтың  caнacынa ұлттық құндылықтapды ciңipу, оларды ұлттық pухпeн тәpбиeлеу, сонымен қатар төл тарихын білуіне, eлiнe, жеріне дeгeн cүйicпeншiлікті apттыру мақсатында аймақтағы ұлттық, тapихи, өлкетану, өнер және әcкepи музeйлepгe апару маңызы өте зор. Себебі біз ертеңгі күні елге иелік ететін жастарды рухы мықты етіп тәрбиелеуіміз қажет. Тарихты тануға, салт-дәстүрді, баба тілімізді құрметтеуге, төл тамырынан ажырамайтын өресі мықты етіп өсіруіміз керек. «Тарихқа тағзым күнінің» осындай үлкен мақсаты бар.

 «Бүгінгі біздің қол жеткізіп отырған тәуелсіздігіміз бабаларымыздың арманы болғанын білуіміз қажет!

Арнайы іс-шараға жауаптылар: профессор Молдабекова М.С., топ кураторы Асембаева М.К.