Тұрақты даму мақсатының 4 бөлімі Сапалы білім беру негізінде 28 наурызда «Қазақ филологиясы» мамандығының 1 курс магистранты Бақ Сымбат Кенжеғалиқызының «Қазіргі қазақ әдебиеті» пәнінен ашық сабағы өтті. Пән оқытушысы аға оқытушы Шортанбай Шохан Амангелдіұлы мен педпрактика жетекшісі PhD, аға оқытушы Э.С.Сейсенбиева. 3 курс 301 тобына өткен ашық сабақ тақырыбы: «Баққожа Мұқайдың «Өмірзая»романындағы диалог пен монолог». Магистрант сабақты 3 кезеңге бөліп қарастырды. Бірінші кезеңінде студенттер топқа бөлініп, постер қорғады. 3 топ романға қатысты 3 түрлі сұраққа жауап берді (Романдағы кейіпкерлерге мінездеме, романдағы тарихи фактілер, романның композициялық сюжетін ашып, талдау жүргізді). Сабақтың екінші кезеңінде «Әдеби мафия» әдісін қолданып, студенттермен сергіту сәтін сәтті орындады. Мафия болған адам кез-келген адамға сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ А,В,С деңгейлі сұрақтар қойылып, студенттерден жауап алынды. Сұрақтар романның аясында қойылды. Студенттер романға қатысты өзіндік пікірлерін айтты. Үшінші кезеңінде студенттер романнан алынған монолог пен диалогты рөлге бөліп оқып, кішігірім қойылым қойды. Сабақ сәтті әрі қызықты өтті.