Ұлттық құрылтай қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімнің символына айналуы керек

28 наурыз, 2024

28.03.2024ж. Экономика және бизнес жоғары мектебі, Экономика кафедрасы оқытушылары Д.Р.Тұраров, Г.К. Андабаева,  И.О.Кулиев пен  магистрант Абдимуминов Абылайханның ұйымдастыруымен студенттер үшін Елімізде өткен III Ұлттық құрылтайға арналған, ТДМ екінші әлеуметтік компонентіне сай келетін «Ұлттық құрылтай Һәм қоғамдық құндылық» тақырыбында «дөңгелек үстел» іс-шарасы өтті. Іс шараның мақсаты - Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт  Тоқаевтың  «Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс» мәселесі мен  «Ұлттық құрылтай қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімнің символына айналуы керек. Бір ел болып жұмылсақ қана, барлық кедергілерді еңсереміз, өсіп-өркендейміз», сондай-ақ «ел ертеңін биікке жұмыла көтеріп алу үшін, қазіргі жастар ел мәселесін түсініп, қоғамның дамуына ат салысуы қажет»- деп айтқан сөздерін жастарға терең  таратып түсіндіру.