«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ» КУРСЫ - ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ!

1 сәуір, 2024

«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ» КУРСЫ - ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ!


         Қазақстан Республикасы дамудың даңғыл жолына түскен кезеңде егде жастағы адамдардың білім деңгейін соған орай жетілдірудің пайдасы көп. Өйткені, жаңа технологиялар дамып, әлемде ақпараттық ағым қарыштап кеңейген сайын, білім мен ғылым саласындағы жаңалықтар да үздіксіз өзгеріп отыратыны сөзсіз. Сондай сәттерде келешек ұрпақтың болашағын қамтамасыз етеміз десек, ең әуелі, оларға білім беретін ұстаз, оқытушыларға жаңа технологияларды сіңіру керек. Ол қалай десеңіз?.. Сіз мұны біздің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының «Күміс университет» курсына қатысу арқылы жүзеге асыра аласыз. Мұндағы білім беру деңгейі сапалы ғана емес, сонымен қатар студенттермен және оқушылармен байланыс орнатуда да өз ұтымды жақтарын ұсынады. 
        Осы ретте, жақында Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында «Күміс университет» курстары басталатын болады. Аталған курсқа қатысу арқылы Сіз білім және ғылым кеңістігіндегі жаңа технологияларға тез бейімделіп, өзіңіздің дана көзқарастыңызды қалыптастыра аласыз.  Демек, «Күміс университет» курсын оқытудағы басты мақсат – егде жастағы адамдардың жаңа желіге бағытталған қоғамда және смарт кеңістіктегі әлеуметтік белсенділігін арттыру, топтық және жеке деңгейде олардың жетілуіне ықпал ету. Біз ұсынған курстың тағы бір оңтайлы тұсы құқықтық және қаржылық жағынан да сауатыңызды қалыптастыруға жол ашады. Сол себепті де, Сіз өз біліктілігіңізді жаңа заманауи білім кеңістігіне сай қалыптастырғыңыз келсе, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының «Күміс университет» курсына қатысуға өтініш беруге асығыңыз!