«Армысың Әз-Наурыз» атты іс-шара

29 наурыз, 2024

2024 жылдың 27 наурыз күні сағат 17.00- де 2 Залда «Қаржы және есеп» кафедрасы, 3 курс «Қаржы» мамандығының Ф21К3 және Ф21К4 топ студенттері мен топ кураторы Ж.К. Жорабаевның ұйымдастыруымен Наурыз мерекесін тойлауға арналған «Армысың Әз-Наурыз» атты іс-шара өткізілді. Іс –шараның мақсаты білім алушылар, яғни студенттерді қазақтың салт-дәстүрлерімен, «Наурыз» мерекесін қарсы алу дәстүрлерімен таныстыру болды. «Армысың әз-Наурыз» атты іс-шара бағдарламасында ұлттық ойындар ойнатылып, қасиетті ұлттық аспабымыз домбыра тартылып, «Бесікке салу» және «Тұсау кесу» рәсімдері көрсетілді. Сонымен қатар студенттер арасында мақал-мәтел айтудан сайысқа түсті. Бұл іс-шараға ұйымдастырушы студенттермен қатар қонақ болып келген  студенттер қатысып «Наурыз мерекесі» жайлы қызықты мәліметтерді біле отырып, сұрақтараға жауап берді. Наурыз мерекесін тойлауға арналған іс-шараны шақырылған қонақтар өз тарапынан тілектер айтып, студенттерге алғыс айтумен қорытындылады (ТМД 8, Лайықты жұмыс және экономикалық өсу)