БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасының «2.4-Біз темекіге қарсымыз» атты бөлімінің мақсаттарын жүзеге асыру бойынша жуырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультетінің ұйымдастырумен 1-курс студенттері арасында, Эпидемиология, Биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының доценті Арынова Гулбану Абжановнамен кездесу өткізілді.
Кездесуге т.ғ.к., доцент Е.Н. Ноянов т.ғ.к., аға оқытушы, Ж.М. Арынов, кафедра доценті, т.ғ.к. М.Қ. Дауытбековалар қатысты. Кездесу барысында Гулбану Абжановна зиянды әдеттердің адам ағзасына кері әсерін толыққанды түсіндіріп, салауатты өмір сүру салтының алдын алу мәселелерін студенттерге тереңнен талдап берді. Кездес соңында студенттер спикер Гулбану Абжановаға өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасу орнатылды. Дені сау ұрпақ-болашақ кепілі атты қорытынды жасалды.
Шараны ұйымдастырушы:
Қазақстан тарихы кафедрасының
оқытушылары М.Қ. Дауытбекова, Ж.М. Арынов
Басқа жаңалықтар
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024