Пластик қалдықтарынан таза қала

28 наурыз, 2024

ТДМ. 15 Құрлық экожүйелерін қорғау 

2024 жылдың 28-ші наурыз күні, 7М01601 – тарих мамндығы бойынша 1 курс магистранттар арасында «Пластик қалдықтарын» жинау атты ТДМ бойынша акция ұйымдастырды. Акцияның мақсаты қауіпті өндірістік қалдықтар қоршаған ортаға қауіп төндіреді және атмосфералық ауаны, жер асты және жер үсті суларын, топырақ пен өсімдіктерді ластаудың ықтимал көзі бола тұра қоршаған орта мен адам денсаулығының  кері әсер ететінін алдын алу. Магистранттар «Таза қала» және «экология, қоршаған ортаны» сақтау мақсатында қала аудандарында, көшелерде шашылып жатқан пластиктер мен палиэтилен қалдықтарын жинастырды. Болашақ жастарды тәрбиелеуде, қоршаған ортаны сақтау, қорғау түсінігін арттыруға ықпалы зор.

Ұйымдастырушы куратор-эдвайзер: Т.Н. Мұхажанова