Энергияны үнемдейік

25 наурыз, 2024

БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі «Қымбат емес және таза энергия» жүзеге асыру бойынша және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да құрылған  «BOOKCLUB Farabi» жобасы аясында Тарих факультетінің ұйымдастыруымен «6В04103  - Экономика» мамандығының 1-курс студенттері арасында «Энергияны үнемдейік» атты кездесуі өтті.

Іс-шара барысында студенттер энергияны үнемдеу тақырыбында пікірлерін білдіріп, баяндама қорғады. Сонымен қатар шара барысында  студенттермен БҰҰ тұрақты даму мақсаттары бойынша, атап айтқанда қымбат емес және таза энергия туралы пікір алмасу белсенді жүрді.

Шараны ұйымдастырушы:

Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары

Е.Н.Ноянов, Ж.М.Арынов