«Никотиннің адам өміріне әсері»

30 наурыз, 2024

2024 жылдың 28 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың экономика факультетінің «Бизнес технологиялары» кафедрасында тұрақты дамудың үшінші мақсаты аясында «Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатын арттыру ,» атты логистика мамандығының үшінші курс студенттеріне «Никотиннің адам өміріне әсері» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.  Шара барысында никотиннің адамның өмір сүру сапасына кері әсері жайлы сөз қозғалды.  Қатысушыларға никотинді қолданудың зияны туралы бейнеролик көрсетіліп, студенттер осы әдеттен тыс өмірдегі оң өзгерістерді көрсететін постерлер қорғады.  Шараны логистика мамандығының 1-інші курс магистранттары ұйымдастырды.