- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қашықтан зондтау технологиясы және қолдану» қазақ-қытай бірлескен зертханасы ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қашықтан зондтау технологиясы және қолдану» қазақ-қытай бірлескен зертханасы ашылды
Жаңа орталық Орталық Азия өңіріндегі климаттың өзгеруі салдарынан орын алған су тапшылығы, құрғақшылық, жердің құнарсыздануы сияқты экологиялық мәселелерге мониторинг жүргізеді. Қашықтан бақылау арқылы аймақтағы табиғи қауіп-қатерді алдын ала ескертіп, экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде Қазақстан, Қытай және Орталық Азия үшін жоғары деңгейдегі халықаралық ресурстық және экологиялық платформа құруға мүмкіндік береді.
Салтанатты шараға ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитеті хатшысының орынбасары, ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы Еркін Тунияз, ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, Қытай ғылым академиясы Шыңжаң экология және география институтының бас директоры Чжан Юаньмин, Шыңжаң университетінің президенті Яо Цян, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Халық үкіметі хатшылығының басшысы Чжоу Сюйюн, ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушылары, білім алушы жастар қатысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарапынан жаңа ғылыми зертханаға 500 шаршы метр болатын аумақ бөлініп, жөнделсе, Қытай тарапынан 55 млн теңгеге (шамамен 1 млн юань) зертханалық құралдар мен жабдықтар орнатылды.
Толық ақпарат:
https://farabi.university/news/86801?lang=ru
https://bilimdinews.kz/?p=252944
https://www.youtube.com/watch?v=OwHWtAExsYs
https://dknews.kz/ru/shelkovyy-put/321460-v-almaty-otkryli-kazahstansko-kitayskaya-sovmestnaya
https://el.kz/ru/unikalnaya-ekologicheskaya-laboratoriya-v-tsentralnoy-azii-otkrylas-v-kaznu_112421/
https://dknews.kz/ru/shelkovyy-put/321496-kazahstan-rasshiryaet-nauchnoe-partnerstvo-s