Әл-Фараби ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктерді тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ПГ -1, 10, 12 топтарының шетелдік студенттері ТДМ-3 "Жақсы денсаулық пен әл-ауқат" бағыты шеңберінде 27.03.2024 жылы "Біз темекі шегуге қарсымыз!" акциясына қатысты. Аталған іс-шараны шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру даындығы кафедрасының кураторлары А.С. Айтпаева, Ж. Т. Молдағалиева, И.В. Мацко ұйымдастырды. Тақырып материалы слайд-шоу түрінде ұсынылды. Кураторлар шетелдік студенттермен темекі шегуден бас тартудың және салауатты өмір салтын насихаттаудың, әсіресе жас ұрпақ арасында маңыздылығын талқылады. Іс-шарада темекі түтінінің адамдарға әсері, темекі шегу тудыратын аурулар туралы айтылды. Студенттер осы мәселені шешу бойынша өз ұсыныстарын білдіріп, университеттің тұрақты даму мақсатындағы жобасын қолдады.