Халықаралық қатынастар факультетінде «Халықаралық қатынастар» мамандығының түлегі Айболат Серікжанұлы Абитбековтың көшбасшылық дәрісі

30 наурыз, 2024

30.03.2024 жылы Халықаралық қатынастар факультетінде «Халықаралық қатынастар» мамандығының түлегі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Айболат Серікжанұлы Абитбековтың көшбасшылық дәрісі өтті.

«Халықаралық қатынастар факультеінен Плющ Лигасына» атты көшбасшылық дәрісі үздік шетелдік университеттерге оқуға түсуге арналды. Айболат шетелдік университеттерге түсудің 7 қадамын ашты: сананы қалыптастыру, идеяны дамыту, қорқынышты жою, өзіне сену, мақсат қою, жазу және әрекет ету қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

Айболат Cornell University (АҚШ) университеттек өмір тарихын, ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының парламентаралық байланыстар және хаттама бөліміндегі жұмыс ерекшеліктерін, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің жұмысының ерекшеліктерін баяндады.

Айболаттың дәрісі жанды жігерлі жағдайда өтті, қызықты, жарқын болды. Студенттер мотивацияланып, нақты жағдайлар талқыланатын және жеке консультациялар өткізілетін қосымша сессияға қалды.