«Тұрақты даму мақсаттары» бағдарламасының «Денсаулық пен амандық» атты бағытының міндеттерінің бірі 2030 жылға дейін су арқылы жұғатын және басқа да жұқпалы аурулармен күресті қамтамасыз ету болып табылады. Осы орайда Археология, этнология және музеология кафедрасы медицина және денсаулық сақтау факультетінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары, Эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының аға оқытушысы, м.ғ.к. Даниярова Анара Бахиткеревнамен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге «6В02211 – Этнология және антропология» және «6В02210 - Археология» БББ 2 курс студенттері, тарих факультетінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары, PhD Терекбаева Ж.М., Археология, этнология және музеология кафедрасының доцент м.а., PhD Бейсегулова А.К., факультеттің аға куратор-эдвайзері Есенаманова А.С., кафедра оқытушылары Ермекбаева А.Ш. және Рысбек Б. қатысты.
Басқа жаңалықтар
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024