Алматы тарихы мұражайына экскурсия

30 наурыз, 2024

Кез-келген адам өзінің туған өлкесінің тарихы туралы тереңірек білгісі келеді. Тек өзіміз ғана емес, әсем қала Алматымызға да қонаққа келген жақындарымызды өлке тарихымен таныстырып отырсақ артық болмас еді. Өсіп келе жатқан өскелең ұрпақ та өздері өмір сүріп жатқан жердің  әр тасын қадірлесін десек, өткенінен сыр шертетін тарихи орындарға жиі апарып, таныстырып отыруымыз керек. 

28 наурыз 2024 жылы ПДК-105 тобының білім алушылары топ кураторы А.Ш.Әсембаеваның жетекшілігімен Алматы қаласы тарихының мұражайына барып, тарихымыздың тереңіне үңіліп, өткенімізден естелік болып қалған экспонаттармен танысып қайтты.

Экспонаттардың арасында негізінен ХІХ ғ аяғы - ХХ ғ басындағы заттар қойылған. Оның ішінде:

  • Археологиялық қазбалар;
  • Тұрмыс заттары;
  • Киімдері;
  • Қолөнер мен кескіндеу үлгілері;
  • Құжаттар мен фотоматериалдар, атақты тұрғындардың жеке мұрағаттарынан алынған.

Көрменің экспозициясы қаланың көнеден бүгінгі күнге дейінгі аралықтағы маңызды тарихи өркендеуін қамтыған.
Мұражай іші қаланың табиғи климатының ерекшеліктері, архитектуралық ескерткіштер мен атақты тұрғындар жайлы қызықты оқиғаларға толы.