Білім алушылар "Нурикамал" музыкалық-поэтикалық драмасын тамашалап қайтты.

30 наурыз, 2024

ПОК- 107 тобының білім алушылары топ кураторы Ч.А.Мадияровамен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, Сафуан Рысбайұлының "Нурикамал" атты музыкалық-поэтикалық драмасын көріп қайтты. Барша қазаққа танымал "Нурикамал" әнінің шығу тарихын баяндайтын бұл спектакль өмірде болған оқиға желісімен жазылған. Достардың таудағы бас қосуының тарихқа айналатынын кім білген? Сезімтал, жүрегі кең ақын Ханбибі махаббат құдіретіне бас иіп, қызғаныш сезімін қамай салып, сол мезетте сүйгенінің бақытты болғанын қалады. Пәк сезіммен жазылған әннің астарында махаббат, қызғаныш, әзіл-күлкі секілді түрлі эмоциялар жатқанын сезіндік.