ҚазҰУ «Күміс университет» курстарына шақырады

2 сәуір, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Күміс университет» конференциясы өтеді. Бұл жобаны  ҚазҰУ-дың Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты мен Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы  бірлесіп ұйымдастыруда.

Конференцияда аға буын өкілдері, егде жастағы адамдар білім беру жүйесіндегі жаңа бағыттар мен әртүрлі саладағы сарапшылармен таныса алады.

Білікті мамандармен тәжірибе алмасып, кәсіби қызметтің жаңа түрлерін меңгеруге жол ашады.

Конференциядан кейін жалғасатын «Күміс университет» курстарының мақсаты – егде жастағы адамдардың жаңа орта мен  смарт кеңістіктегі әлеуметтік белсенділігін арттыру.

Курстар қарт адамдардың қазіргі өмірге тиімді бейімделуі үшін топтық және жеке деңгейде өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіруге қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

Жоба барысында өнер, мәдениет, денсаулық сақтау және ақпараттық технологиялар сияқты түрлі салалар бойынша білімді шыңдап, дағдыларды дамытуға болады.

Конференцияға қатысушыларға қолжетімді курстар мен білім беру ресурстары туралы жан-жақты ақпарат беріледі.

«Күміс университет» курстарының уақыты:

26.04. 2024 ж. Сағат 10:00-14:00

Өтетін орны:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Әл-Фараби кітапханасы, 416 зал

 

Тіркелу және қосымша ақпарат алу:

+7 (727) 377 33 33 (ішкі нөмір – 1461)

e-mail: ipk.kaznu@gmail.com

 

Білім беру курстарының тізімі 1-Қосымшада берілген.