Халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету бойынша қайырымдылық акциясы

30 наурыз, 2024

ТДМ 1. Кедейлікті жою

30.03.2024 ж. Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен “Архивтану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету“ және “Цифрлық архив“ мамандықтарының 1-2-4 курс студенттері “Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасына сәйкес - Кедейшілікпен күрес” аясында әлеуметтік осал топтарға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық шарасын өткізді. Қайырымдылық  шарасы барысында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік жеткізілді. Ұйымдастырушылар: т.ғ.к., доцент Г.Е.Сабденова, т.ғ.к., доцент Г.С. Беделова, PhD.,аға оқытушы П.Н. Нұсқабай.