Алматы қаласында «Қазақстандағы Отбасы күні» мерекесі аталып өтті
М.Горький атындағы Мәдениет және Демалыс саябағыңда, Алматы қаласы Әкімшілігінің Мәдениет басқармасы, Орта Азия және Қазақстандағы Отбасы институтының ұйымдастыруымен Қазақстанда отбасы күні мерекесі атап өтілді.
Бұндай көлемі жағынан үлкен іс-шараға, балаға және отбасыға психологиялық, әлеуметтік, ағартушылық көмек көрсетумен айналысатын 40-тан астам ұйымдар және мекемелер қатысты.
Отбасы мерекесін атап өту бағдарламасы көңілді, танымдық, айқын болды. Өзіне қажетті әрі маңызды ақпараттарды тек балалар ғана емес, олардың ата-аналары, ата-әжелері де алды.
Саябақтың көп бөлігі (кіре берістен ойын алаңдарына дейін) үй секілді қолайлы әрі сәнді әрленген 10 аймаққа бөлініп, сонымен қатарласа, әртүрлі іс-шаралар отбасылық жұптарға арналған ойындар, эстафеталар, конкурстар, әкесі мен баласына арналған ойындар; психологтармен, психотерапевтермен және медиаторлармен жеке кеңестер, сонымен бірге бағдарлама бойынша келесідей маңызды тақырыптарға «Кикілжіңдерді шешу жолдары», «Отбасындағы қатынас», «Баланы тәрбиелеу құпиялары» психологиялық тренингтер өтті.
ҚазҰУ-дің Философия және Саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыстар, педагогика және білім беру менеджменті кафедраларының оқытушылары, студенттері, магистранттары да іс-шараға белсене қатысты.
Соның ішінде жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті М.П. Кабакованың ұйымдастыруымен отбасы тақырыбы бойынша кітап көрмесі өтіп, қатысушылар қалауына қарай кәсіби бағдарланған және психологиялық кеңестер жүргізілді. Ең көп қойылған сұрақтар: жеткіншек психологиясының ерекшеліктері және жеткіншек баламен қатынас мәселесі.
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыстар кафедрасының профессорлары З.Ж. Жаназарова және Ж.А. Нурбекова «Әлеуметтану», «Әлеуметік жұмыс», «Психология» мамандығының 2-4 курс студенттері көмектесуімен волонтерлік жұмыстар ұйымдастырды.
Өз әріптестері мен студенттерді қолдау мақсатында жалпы және қолданбалы кафедрасының меңгерушісі Э.К. Калымбетова, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті М.Д. Шағырбаева қатысты.
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, мереке жүзеге асты. Іс-шараның барлық қатысушылары ұйымдастырушы ретінде де, қатысушы ретінде де жағымды әсер алып, болашаққа қажетті пайдалы іс-шаралардың өтуіне тәжірибе жинақтады.
Доцент М.П.Кабакова