КазҰУ-да «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ШЫҒУЫ: «ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ ЖӘНЕ МЕНТАЛЬДІ МӘСЕЛЕЛЕР» атты ғылыми-танымдық конференция өтеді.

15 қыркүйек, 2015

15 қыркүйекте 2015ж. ҚазҰУ-да «Сыбайлас жемқорлықтың шығуы: ұлттық таным және ментальды мәселелер» атты ғылыми-танымдық конференция өтеді.

Конференцияны ұйымдастырушылар: Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі, Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.

Конференцияда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғ. Мұтанов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б. Камалов құттықтау сөз сөйлейді.

Конференция барысында еліміздегі жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері талқыланып, ғалымдар, профессорлар және университет оқытушылары баяндама жасайды. Сондай-ақ, пікірталас пен өзара пікір алмасу өрбиді.

Университет жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыруды көздейтін мемлекеттік бағдарлама аясында белсенді қызмет атқаруда. «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып, жоғары оқу орнында жемқорлық әрекетіне қарсы жемқорлыққа қарсы бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар, жемқорлықтың алдын алу мақсатымен тұрақты түрде түрлі кездесу, жиын мен отырыстар өткізіледі. Мұндай іс-шараларда құқық қорғау мекемелері, сот және өзге де мемлекеттік органдардың басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысып, сөз сөйлейді. Студенттік ұйымдар тарапынан түрлі акция және «Антишпора», «Жемқорлыққа жол жоқ!» т.б. іс-шаралар мен флешмобтар өткізіледі

Өткізілетін орны: ҚазҰУ Ғылыми Кеңесінің мәжіліс залы (15 қабат Ректорат, Әл Фараби даңғылы, 71)

Өткізілетін уақыты: 15 қыркүйек 2015 жыл 12.00-де.