«Жастарға арналған мемлекеттік қызметтегі мүмкіндіктер» атты қонақ дәрісі

4 сәуір, 2024

ТДМ 17 – «Тұрақты даму үшін серіктестік»: 2024 жылдың 27 наурызында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттеріне арналған Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Байсалов Мұрат Сейлбекұлының «Жастарға арналған мемлекеттік қызметтегі мүмкіндіктер» деп аталатын қонақ дәрісі өтті.

Қонақ дәріске "Менеджмент" кафедрасы меңгерушісінің м.а., доцент Г.С. Смагулова және "Мемлекеттік және жергілікті басқару" ОБ-ның 3-4 курс студенттері қатысты. Дәріскер мемлекеттік қызметке орналасуда жастарға берілетін мүмкіндіктер туралы, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі соңғы жылдардағы өзгерістер жөніндесүқбата берды. Студенттер дәріскерге мемлекеттік қызмет жүйесіндегі өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.