Студенттер сарайы жағынан ҚазҰУ аумағына кіру және шығу уақытша шектеледі

4 сәуір, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының шығыс жағы мен Есентай өзенінің батыс жағындағы бүлінген жол учаскесінде кешенді жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге байланысты  ҚазҰУ қалашығы аумағына кіру және шығу 2024 жыл, 5 сәуір, сағат 13:00-ден бастап 2024 жылдың 7 сәуіріне дейін уақытша шектелетінін ескертеді.
 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі