«Қазақ-жапон жастарының мәдениетаралық диалогы» атты халықаралық форум өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде Қиыр Шығыс кафедрасы жапонтану бөлімінің студенттері және Жапонияның Кейо университеті студенттерінің қатысуымен «Қазақ-жапон жастарының мәдениетаралық диалогы» атты халықаралық форум өтті.
Форумды шығыстану факультетінің деканы профессор Б.Н.Жұбатова құттықтау сөзімен ашты. Форум барысында екі жақтың студенттері өз университеттері жайлы таныстырып, Қазақстан және Жапония туралы өз пікір-тәжірибелерімен бөлісті. Елімізге алғаш келіп жатқан жапондық студенттер Қазақстан жайлы алғашқы әсерлері мен бұған дейінгі өздерінің Өзбекстан, Қырғызстанға барған сапарларында түйген ой-пікірлерін ортаға салды. Студенттердің презентациялары өзге мәдениетпен алғаш бетпе-бет келгендегі түрлі қызықтар мен қиындықтар жайлы дискуссияға ұласты.
Форум екі елдің студенттері үшін нағыз мәдениетаралық диалог болды. Осындай іс-шаралардың жапондармен күнделікті жиі кездесе бермейтін жапонтану бөлімінің студенттері үшін тілдік және мәдениетаралық қарым-қатынас жағынан маңызы өте зор.
Шығыстану факультеті