Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ 8) жүзеге асыру барысында Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары "Қаржылық сауаттылық" деген тақырыпта инновациялық ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында тыңдаушылар түрлі кәсіп түрімен танысуға мүмкіндік алды, қаржылық сауаттылығын арттырды, мамандықты дұрыс таңдауға көмектесетін баллдық жүйедегі тест тапсырды. Сондай-ақ тыңдаушылар түрлі сауалнамаға жауап беріп, логикалық сұрақтарға жауап іздеді. Біздегі парадоксты жағдай бала ақшамен, қаржылық сауаттылықпен тек үйде немесе өмірде ғана танысады. Ал мектепте немесе оқу орындарында ол жағдай мүлдем айтылмайды. Осы сабақта балалар нағыз қаржылық сауаттылықтың не екенін, ол жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсінді. Сабақ соңында оқушылар өз ойларымен, сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп кері байланыс жүргізілді.