Мамандық таңдау - басты бағдарымыз

2 сәуір, 2024

Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Кәсіптік бағдар беру жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыларды, білім алушыларды мамандық таңдауға дайындауға, кәсіби өзін-өзі  анықтауға көмектесуге бағытталған шаралар жүйесі. Қарапайым сөзбен айтқанда, кәсіптік бағдар беру жұмысы оқушыларға оқу орнына түсу үшін өзіне лайықты мамандығын таңдауға көмектесу, ықпал етуден тұрады.

Осы кәсіби бағдар негізінде әл-Фараби атындағы жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының биология-химия мамандығын таңдаушы 20-топ тыңдаушылары ТДМ-4 аясында, тыңдаушылардың білімге, кәсіп пен мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында медицина және денсаулық сақтау факультетіне барып, танысып, өздеріне қажетті ақпаратты алды.

Білім алушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру; мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.