«Инновация, сапа және тиімділік» тақырыбында онлайн-конференция өтті.
Әл-Фараби ғылыми кітапханасында «Инновация, сапа және тиімділік» тақырыбында онлайн-конференция өтті.
2015 жылдың 17 қыркүйегінде әл-Фараби ғылыми кітапханасында Инновациялық қызмет жөніндегі бөлімнің қызметкерлері ҚР инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетімен және Қазақстандық Сапа және инновациялық менеджмент ұйымынмен бірлесіп «Инновация, сапа және тиімділік» тақырыбындағы халықаралық конференциға онлайн-трансляция ұйымдастырды.
Баяндамашы ретінде белгілі халықаралық және Қазақстандық ғалымдар, сараптамашылар, бизнес және әлеуметтік саладағы адамдар сөз сөйледі. Инновациялық менеджмент бағытында өзекті мәселе болып табылатын «Инновациялық менеджмент – қазақстандық кәсіпорындарды орнықты дамуына және көшбасшы болуына ықпал ететін фактор», «Іскерлік кемелденудің Европалық үлгісі – инновация және креативтілік негізінде озаттыққа жол бастау», «Бенчмаркинг –ең мықты әлемдік үлгілерді қолдана отырып кәсіпорынның орнықты нығаюына қамтамасыз ету», «Инновациялық менеджмент саласындағы қызметкерлердің біліктіліктерін бағалау» және т.б. баяндамалар оқылды.
Онлайн-конференцияның өту барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-зерттеу институттарының қатысушылары мен мүшелері Қазақстандағы инновациялық жобалардың сапасы мен санын арттыру жөнінде, бенчмаркинг және инновацияларды қолдана отырып заманауи мәселелерді шешудің ұтымды жолдарын қарастырып, тәжірибелерімен алмасты.
Конференцияның өту барысында инновацияны енгізудің алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелармен бөлісу мақсатында ірі фин және израиль кәсіпорындарымен телемост орнатты. Отандық қатысушылардан онлайн – конференцияға 17 қазақстандық ғалымдар мен білім беру ұйымдары қатысты.
Инновациялық қызмет жөніндегі бөлімі