“Cалауатты өмір салты- денсаулық кепілі”

26 наурыз, 2024

2024 жылдың 26 наурызында топ эдвайзері Төреханова Рауана Аударма ісі мамандығының 1 курс студенттеріне “Cалауатты өмір салты- денсаулық кепілі” атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Салауатты өмір салты - бұл біздің өміріміздің сапасы мен әл-ауқатымызды анықтайтын негізгі қағида сол себепті біз үшін жастарымызға денсаулықты жақсарту, зиянды әдеттерден алыс болу қағидаттарын үйрету мақсат болып табылады.

Дөңгелек үстел аясында студенттер теңгерімді тамақтану ережелерімен танысты. Олар денсаулықты нығайту қағидаттары жөнінде ақпарат алмасып дискуссия жасады. Топ эдвайзері Төреханова Рауана денсаулық сақтаудың негізі шаралары жөнінде “Дұрыс толыққанды тамақтану ” атты квиз ойынын ұйымдастырды. Қорытындылай келе,  салауатты өмір салтын ұстануға қатысты мұндай іс- шараларды өткізу  жастардың арасында тек танымдық ақпарат емес денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет болып табылады деген ойдамыз.