“Ұлт тәрбиесі – ұрпақ болашағы”

4 сәуір, 2024

Тұрақты даму мақсатының 4 бөлімі “Сапалы білім беру”  негізінде 4 сәуір күні Филология факультетінде “Ұлт тәрбиесі – ұрпақ болашағы” атты педагогикалық тәжірибе негізінде айтыскер ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Серік Қалиевпен кездесу кеші өтті.

Жас ұрпақты қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру, танымдық көзқарасын, ой - өрісін, дүние - танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту мақсатында болған кездесу кеші жоғарғы деңгейде өтті. ҚазҰУ түлегі болған Серік Қалиев ағамыз жастармен еркін форматта сұхбат құрып, тұлға болып қалыптасу жолында жас ұрпақтың бойынан табылу керек қасиеттермен бөлісіп, өнер жолындағы басынан кешірген оқиғаларынан сыр шертті.

Ұйымдастырушылар: “7М02313-Қазақ филологиясы” мамандығының 1-курс магистранттары: Базарбек Бекжан, Есентүгел Асылзат

Пән оқытушылары Шортанбай Шохан, Даутова Гүлназ және педагогикалық практика жетекшісі Сейсенбиева Элеонора.