Қазақстанда ТДМ талаптарына сай сапалы білім беруді көздейді. 2023 жылдың 4 сәуір күні жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы "Фараби оқулары" атты студенттік ғылыми конференциясы болып өтті. Қазақ тілі секциясының отырысына кафедра оқытушылары модератор доцент Г.Ә. Мұсаева, хатшы ф.ғ.к. Г.Ә. Машинбаева, ф.ғ.к. М.П. Ешимов, аға оқытушы Р.И. Дүйсенбаева қатысты. Қытай, Үндістан, Түркіменстан, Түркиядан келген студенттері ғылыми баяндамалар жасады. Конференция баяндамалары қызу талқыланып, көп сұрақтар қойылды. Студенттер конференцияға жауапкершілікпен дайындалып, аз уақыт аралығында үйренген тілдерінде баяндама жасап, өздерінің де ұстаздардың да еңбегін көрсете алды. Шетелдік студенттер жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіне келіп, тіл үйреніп қана қоймай, болашақта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әртүрлі факультеттерінде сапалы білім алатынына сенеді.