Экологиялық құқықтың негізгі мәселелері.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Г.А. Куаналиева, Студенттік заң клиникасының кеңесшісі аға оқытушы А.А. Есекеева 2024 жылдың 3 сәуірінде 303 оқу тобы студенттерімен ТДМ -ның 12 мақсаты бойынша іс-шара өткізді. Қазіргі таңда өзекті мәселе болып отырған тұтыну және өндіріс туралы мәселелер көтеріліп, көптеген сұрақтар талқыланды.
Бүгінде бүкіл планетада тұтынудың рекордтық деңгейі байқалады. Негізгі сұранысты бай елдер мен ауқатты халық тудырады.
Жауапты тұтыну мен өндіріс модельдеріне көшу белгілі бір дәрежеде шамадан тыс тұтынудың төмендеуіне байланысты. Өндіріс процестерін өндірістің әр кезеңінде ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін етіп конфигурациялау қажет. Қазіргі таңда жоғарыда айтылған мәселе, яғни жауапты тұтыну және өндіріс өте маңызды және жарқын болашағымыздың бірден бір кепілі.