Ұлттық азшылықтардың мәселелері талқыланды
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы И.К.Азимбаева 2024 жылдың 30 наурызында «Шетел филологиясы (батыс тілдері)» мамандығының 1 курс студенттерімен «ТДМ 3. Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және адамдардың әл-ауқатына ықпал ету» тұрақты даму жобасы аясында этникалық азшылықтардың негізгі қағидаттарын білу, жеке басын қорғау және заңнамалық деңгейлерде түрлі ұлттық, этникалық және тілдік азшылықтар ұғымдарын түсіндіру мақсатында «Ұлттық азшылықтардың мәселелері» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық сабақ барысында студенттер ұлттық азшылықтардың маңызды мәселелерін талқылап, діні мен тіліне, нәсіліне қарамастан барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелерін жайында сөз қозғады. Тобымызда оқитын түрікмен студенттер еліміздегі ынтымықтастық мәселелері туралы өз ойларын білдірді.