- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жас ғалымдар: ғылым даму мәселелері мен перспективалары» тақырыбындағы воркшоп
«Жас ғалымдар: ғылым даму мәселелері мен перспективалары» тақырыбындағы воркшоп
06.04.2024 ж. география және табиғатты пайдалану факультетінде «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясы аясында «Жас ғалымдар: ғылым даму мәселелері мен перспективалары» тақырыбында воркшоп ұйымдастырылды. Воркшоп география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы А.С. Ақтымбаева, ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі деканның орынбасары А.А. Рысмағамбетова ұйымдастырды.
Іс-шара барысында жас ғалымдар мен докторанттар ғылыми-зерттеу қызметін іске асыру кезіндегі мәселелерді көтеріп, ғылыми жобалар мен PhD диссертация шеңберінде зерттеуді дамыту бойынша өз ұсыныстарын енгізді. Факультет деканы А.С. Ақтымбаева жас ғалымдардың жаңа технологияларды әзірлеуде шешуші рөл атқаратынын, бұл жалпы ғылымды дамытуға көмектесетінін атап өтті. Алайда, қазіргі уақытта докторанттардың қорғалуының төмен пайызы байқалады. Осыған байланысты, докторанттарды даярлаудың тиімділігін арттыру және докторанттарды қорғауға уақтылы шығу жөніндегі жұмысты күшейту мақсатында факультеттің Ғылыми кеңесінің жұмыс жоспарына докторанттар мен олардың ғылыми консультанттарын міндетті түрде тарта отырып, докторанттарды уақтылы қорғау туралы мәселе енгізілгенін атап өтті.