«Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясының «Генетика, молекулалық биология және экологияның өзекті мәселелері» секциясы бойынша қорытындысы

7 сәуір, 2024

«Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясының «Генетика, молекулалық биология және экологияның өзекті мәселелері»; барлығы 28 тезис қабылданды, оның ішінде: «М. А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтынан»; 1 тезис, Нархоз Университетінен 1 тезис, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 26 тезис. 11 баяндама тыңдалды. Барлық баяндамашылар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен болды.

Комиссия мүшелері марапаттау туралы шешім қабылдады:

«Генетика, молекулалық биология және экологияның өзекті мәселелері»; атты секциясы бойынша 1 дәрежелі дипломмен Ректор дипломына ұсыну үшін –Құнанбаева А.А., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бакалавриатының 3 курс студенті марапатталсын, баяндама тақырыбы: «Адамның MUTYH ДНҚ гликозиласын кодтайтынкднқ ген экспрессияын прокариот жүрісінде оңтайландыр». Сондай-ақ, кафедрадан 50 000 (елу мың) теңге сомасында стипендия тағайындау туралы шешім қабылданды. «Генетика, молекулалық биология және экологияның өзекті мәселелері» атты секциясы бойынша 2 дәрежелі дипломмен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс магистранты Қожахмет А.Т. марапатталсын, баяндама тақырыбы: «Қазақтың етті-жүнді қойларындағы BMP15 генін көп төлділікке кандидат ген ретінде зерттеу». «Генетика, молекулалық биология және экологияның өзекті мәселелері» атты секциясы бойынша 2 дәрежелі дипломмен Казанбасов Т.С. марапатталсын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бакалавриатының 3 курс студенті, баяндама тақырыбы: «Cloning and expression of PIORF4 CDNA gene in Escherichia coli cells and synthesis of recombinant protein encoded by it».

Екінші орын үшін 50 000 (елу мың) теңге көлемінде стипендия тағайындалды және жүлдегерлер арасында тең бөлісу туралы шешім қабылданды. «Генетика, молекулалық биология және экологияның өзекті мәселелері» атты секциясы бойынша 3 дәрежелі дипломмен Нсанова А.Т. марапатталсын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бакалавриатының 4 курс студенті, баяндама тақырыбы: «Цитогенетическое исследование мутагенной активности микропластика на ячмене как растительном тест-объекте». «Генетика, молекулалық биология және экологияның өзекті мәселелері» атты секциясы бойынша 3 дәрежелі дипломмен Бектасов З.Б. марапатталсын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бакалавриатының 3 кур студенті, баяндама тақырыбы: «ҚР аумағында таралған бал араларын STR локустар бойынша генотиптеу». «Генетика, молекулалық биология және экологияның өзекті мәселелері» атты секциясы бойынша 3 дәрежелі дипломмен Еркінова Х.Е. марапатталсын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 1 курс магистранты, баяндама тақырыбы: «Өсімдік S6K1 белоғына қарсы поликлоналды антиденелерді тазарту»;.

Үшінші орын үшін 30 000 отыз мың теңге көлемінде стипендия тағайындалды және жүлдегерлер арасында тең бөлісу туралы шешім қабылданды.

Конференцияның барлық қатысушылары қатысқаны үшін сертификаттар алды.

Хатшы, аға оқытушы Сербаева Акерке Дуйсенбековна