ҚазҰУ ғалымдары Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жиынға қатысты

18 қыркүйек, 2015

11 қыркүйекте Мемлекет басшысының қатысуымен болған Тәуелсіздік сарайындағы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналысқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры, академик Г.М. Мутанов, сонымен қатар, университет ғалымдары, академиктер мен профессорлар - С. Сартаев, А. Ағыбаев, Қ. Жұмағұлов, З. Кенжалиев қатысты.

Назарбаев университетінде өткізілген «Мәңгілік ел» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында профессор Қ.Т. Жұмағұлов «Қазақ мемлекеттілігінің бастауларын зерттеудегі Ватикандық латын деректері» атты баяндамасын жасады. Ол атап өткендей, қазақ мемлекеттілігінің тарихы сақтар, ғұндар, Түркі қағанаты, Оғыз, Қарлұқ мемлекеттері, Дешті-Қыпшақ, Алтын Ордадан бастау алып, тамыры тереңге кетеді. Профессор осы тайпалық пен мемлекеттік құрылымдар бойынша латын тілінде кездесетін сирек деректік материалдар атақты Ватикандық Апостол кітапханасының (Biblioteca Apostolica Vaticana) Vaticani Latini (Латинское собрание) атты қолжазбалар залында анықтаған.

ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетінде дәрістерді жүргізуші Ла-Сапиенза университетінің (Рим) профессоры Фабио Грассидің баяндамасы Еуропа мен Азияның өзара әрекеттестігі мәселелеріне арналды (Europe and the Great Asia in the Past and Present). Ол атап өткендей, «еуропалықтардың Орталық Азияға қызығушылығы біздің заманымыздың V ғасырдан бастап бүгінгі уақытқа дейін әсіресе жоғары болды».

Қазақстан өзінің бай тарихымен Батыс Еуропа елдері ғалымдарының назарында болып отыр. Қазіргі уақытта профессор тарих факультетінде ҚазҰУ-дың магистранттары, студенттері мен докторанттары үшін («дүние жүзі тарихы» бағыты бойынша) дәрістерді жүргізуде. Оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар оның оқып жатқан дәрістеріне қызығушылығы өте жоғары.

Халықаралық конференция алыс пен жақын шетелден жиналған ғалымдардың арасындағы жемісті талқылаулар мен пікір алмасудың алаңына айналды.

Арнайы тілші