- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясының қорытындысы, "Биофизика, физиология, биологиялық білім, биомедицина және нейроғылымның қазіргі заманауи мәселелері"
«Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясының қорытындысы, "Биофизика, физиология, биологиялық білім, биомедицина және нейроғылымның қазіргі заманауи мәселелері"
7 сәуір, 2024
«Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясының «Биофизика, физиология, биологиялық білім, биомедицина және нейроғылымның қазіргі заманауи мәселелері» атты 2-секциясы бойынша жалпы 224 өтінім келіп түсті, оның арасынан 81 тезис іріктеліп басылымға қабылданды, соның ішінде: ҚР ҒЖБМ ҒК Генетика және физиология институтынан (Алматы қ., Қазақстан) – 1 тезис; Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен (Алматы қ., Қазақстан) – 1 тезис; С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінен (Алматы қ., Қазақстан) – 1 тезис; Астана медицина университетінен (Астана қ., Қазақстан) – 1 тезис; Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығынан (Алматы қ., Қазақстан) – 1 тезис; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен (Алматы қ., Қазақстан) – 76 тезис.
"Биофизика, физиология, биологиялық білім, биомедицина және нейроғылымның қазіргі заманауи мәселелері" атты 2-секцияның отырысында 9 ауызша баяндама және 3 стендтік баяндама тыңдалды. Соның ішінде: 1 баяндама – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (Алматы қ., Қазақстан); 11 баяндама – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
"Биофизика, физиология, биологиялық білім, биомедицина және нейроғылымның қазіргі заманауи мәселелері" атты 2-секцияның жұмыс комиссиясы марапаттау туралы шешім қабылдады:
-
1 дәрежелі дипломмен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенті Елиубаева Каната Омирбайулы марапатталсын. Баяндама тақырыбы: «Неонаталдық гипоксия салдарынан неврологиялық бұзылыстардың қалыптасуын жануарлар моделінде зерттеу». Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Қайрат Б.Қ.
-
2 дәрежелі дипломмен Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының зертханашысы, 3 курс студенті Ельтокова Дамира Дархановна марапатталсын. Баяндама тақырыбы: «Molecular docking analysis of flavonoids as potential acetylcholinesterase inhibitors for alzheimer's disease treatment». Ғылыми жетекшісі: б.ғ.д., профессор Богоявленский А.П.
-
2 дәрежелі дипломмен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс магистранты Әлиакпарова Әйгерім Альмухаметқызы марапатталсын. Баяндама тақырыбы: «2-типті қант диабетімен ауыратын науқастардың қан құрамындағы лейкоциттер мөлшеріне канаглифлозин препаратының әсерін зерттеу». Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Сраилова Г.Т.
-
3 дәрежелі дипломмен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенті Төлеуғазы Диана Бекболатқызы марапатталсын. Баяндама тақырыбы: «Қалыпты жағдайда адамның сілекейіндегі макроэлементтер концентрациясының циркадиандық ырғақтарының көрсеткіштерін зерттеу». Ғылыми жетекшісі: б.ғ.д., профессор Тулеуханов С.Т.
-
3 дәрежелі дипломмен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 3 курс студент Турсынова Аруза Салиховна марапатталсын. Баяндама тақырыбы: «Туберкулезді диагностикалау үшін жедел тесттің диагностикалық тиімділігін төмендететін факторлар». Ғылыми жетекшісі: ассистент Бериккызы А.
-
3 дәрежелі дипломмен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенті Алтинбоев Эломон Нурмахан угли марапатталсын. Баяндама тақырыбы «Ультрадыбыстың әсерінен зертханалық жануарларда депрессиялық күйдің даму динамикасын зерттеу». Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Қайрат Б.Қ.
Факультеттің ынталандыру сыйлықтары:
-
Шығармашылық идеясы үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс магистранты Дәулетбеков Дәулет Сейпен-Маликұлы сертификатпен марапатталды.
-
Баяндама тақырыбының өзектілігі үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс магистранты Жархынқызы Еркенұр сертификатпен марапатталды.
-
Инновациялық идея үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс магистранты Амирсеит Үмітай сертификатпен марапатталды.
-
Қызықты стендтік баяндама үшін сертификатпен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс магистранты Петренко Дина Андреевна марапатталды.
Жауапты хатшы: Қайрат Бақытжан Қайратұлы, биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының аға оқытушысы.
Басқа жаңалықтар
15 қаңтар, 2025
15 қаңтар, 2025