Радиациялық қауіпсіздік негіздері

8 сәуір, 2024

🎓 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты «Радиациялық қауіпсіздік негіздері» тақырыбында курс өткізіліп жатыр.

🔬 Радиациялық қауіпсіздік заманауи әлемде, әсіресе медицина, энергетика, өнеркәсіп және ғылым сияқты әртүрлі салаларда радиоактивті материалдарды пайдалану жағдайында басты рөл атқарады. Бұл курс радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принциптерін меңгергісі келетіндерге және ықтимал қауіптерге тиімді әрекет етуді үйренгісі келетіндерге арналған.

📚 Курс барысында тыңдаушылар радиациядан қорғаудың негізгі ұғымдары мен әдістерін, тәуекелді бағалау принциптерін, радиоактивті материалдармен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен процедураларын меңгереді.

#БАжҚББИ #Біліктілікті арттыру институты #Радиациялыққауіпсіздік #Біліктілікті арттыру