Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасында мастер-класс өтті
2015 жылдың 10 қыркүйек күні Қытай туралы көптеген танымдық, ғылыми кітаптардың авторы және қытай тілін оқытудың кез-келген жас ерекшеліктері мен түрлі деңгейге арналған әдістердің авторы, қытайтану кафедрасының доценты Даулет Ф. Мастер-класта Ф.Даулет қытайтану кафедрасының оқытушыларына өткен оқу жылында апробацидан өткен «Қытай тілінің практикалық курсы. Жаңа концепция» оқулығын қалай барынша тиімді қолданып сабақ өту туралы мастер-класс өткізді.
Мастер-класта студенттердің субъективті тәжрибесін байытатын, белсенділігін арттыратын құзырлы-бағатталған, тұлғалық-бағытталған сияқты инновациялық әдістерді пайдалану арқылы жасалынған жаттығуларды қолдануды көрсетті. Студенттердің жеке тұлға ретінде қалыптасуға, шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал ететін, алған білімін түрлі бейстандартты жағдайда қолдана білуге үйрететін амал-әдістер ұсынылды. Әр бір жаттығу түрлі стимулдар мен нақтылы тапсырмалар арқылы беріліп отырды. Сонымен қатар берілген тапсырмалар мәліметтердің шыққан төркіні мен баға қою тәртібімен қатар беріліп отырды.
Мастер-класқа қатысқан оқытушылар, әсіресе жас мұғалімдер тәжрибелі ұстаздың дәрісінен көп дүние үйренді. Мастер-класстың жас оқытушылар үшін болашақта сабақты ұйымдастыру барысында үлкен көмегі болатыны сөзсіз.