- Басты бет
- Жаңалықтар
- Иранның ислам мәдениеті қарым-қатынасы Ұйымының Азия және Тынық мұхит департаментінің Бас директоры Собеғи мырзамен кездесу
Иранның ислам мәдениеті қарым-қатынасы Ұйымының Азия және Тынық мұхит департаментінің Бас директоры Собеғи мырзамен кездесу
2015 жылдың 14 қыркүйегінде Шығыстану факультетінің Таяу және Орта Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары мен студенттері Иран Ислам Республикасының Ислам мәдениеті және қарым-қатынасы Ұйымының Азия және Тынық мұхит елдері департаментінің Бас директоры Төрағасы Мухаммад Али Сабегимен кездесті. Кездесуде Таяу және Орта Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының парсы тілі студенттері мен оқытушы-профессорлар құрамы мәртебелі қонақпен «Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан арасындағы білім беру және мәдениет саласындағы ынтымақтастығы» тақырыбында сұхбат жүргізді.
Студенттер Собеги мырзаның сұхбатын мұқият тыңдап, қызықтырған сауалдарына жауап алды. Сұрақтардың біразы күрделі тақырыптарды қамтыды, мәселен, Таяу Шығыс аймағындағы қауіпсіздік мәселесі студенттерді алаңдатып жүргендігі байқалды.
Қонақтың мәлімдеуінше, Иран тарихы мен саясатын, парсы мәдениеті мен әдебиетін, тілі мен ділін жақсы білетін мамандар ғана Қазақстан мен Иран арасындағы білім беру және ғылыми саладағы қарым-қатынастардың нығаюына себепкер болады.
Ендігі кезекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің парсы тілі студенттерін Ирандағы жоғары оқу орындары арасында магистратура мен докторантурада оқыту, ғылыми-зерттеу тағылымдамалары, оқу-әдістемелік тәжірибе алмасу, ғылыми және оқу-әдістемелік семинарлар өткізуді қарастыратын ынтымақтастық туралы Келісімдер әрі қарай да жалғасын таба беретіндігі жоспарланып отыр.