- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қиыр Шығыс кафедрасының магистранттарымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ашық тәрбие сағаты өтті
Қиыр Шығыс кафедрасының магистранттарымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ашық тәрбие сағаты өтті
Ашық тәрбие сағатын Қиыр Шығыс кафедрасының 1-курс магистранттары Мұратханқызы Назерке, Кожахметов Жания 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Ұлтаралық қатынастар мәдениетіндегі патриотизм мен ұлтшылдық» атты тақырыпта өткізді. Ашық сабақ модератордың дөңгелек үстел жоспарымен таныстырылып, пікірталас түрінде жүргізілді.
Тәрбие сағатында білімалушылардың ғылыми пікірталас жасау білігін, өз ойын еркін және сенімді түрде, сондай-ақ белгілі бір уақыт шеңберінде жеткізе білу, өзгенің пікірін сыйлай білетіндіктерін ашық көрсетті.
Студенттерге еліміздің қысқаша тарихы жайлы мағлұмат беріліп, Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін баса айтып өтті. Ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу жайлы ашық тәрбие сағаттарын жоғары деңгейде өткізді.
Кафедра магистранттары ашық дәріс сабағының мақсаты мен міндеттерін айқындап, сабақта қолданған жаңа технологиялық әдістері туралы баяндап берді. Соңында өз қорытындылары мен ұсыныстарымен бөлісті.