Қиыр Шығыс кафедрасының 2-курс магистранттары «5-ші Халықаралық ERAKAM» коллоквиумына қатысты

6 наурыз, 2024

Қиыр Шығыс кафедрасы корей бөлімінің 2-курс магистранттары Мұратханқызы Назерке, Кожахметова Жания 5 наурыз күні Түркиядағы Эрджиес университетінде өткен «Еуразиядағы корейтану зерттеулері мен болашағы» тақырыбында өткізілген онлайн коолоквиумға қатысып, өздерінің зерттеу жұмыстары  бойынша баяндама қорғады. Магистранттардың баяндалған тақырыптары өзекті деп саналып, ұйымдастырушылар тарапынан жоғарғы бағаланды.

Аталмыш коллоквиумды Түркиядағы Эрджиест университетінің Шетелдік корей зерттеулерінің негізгі жобалық тобы өткізді. Эрджиес университетінің корей тілі мен әдебиеті кафедрасы 2003 жылдан бері 20 жылдан астам Түркиядағы корейтану ғылымының дамуына өз үлесін қосып келеді.

Магистранттар мен оқытуышларға арналған халықаралық коллоквиум 2019 жылдан бері төрт рет өткізілді. Бесінші рет өткізілген коллоквиум «Еуразиядағы корейтану зерттеулері мен болашағы» тақырыбы аясында Еуропа мен Орталық Азияны қамтитын корейтану зерттеулерінің мақсатымен корейтанудағы тақырыптардың кең ауқымын қарастырды.