- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Erasmus + шеңберінде Өзбекстан және Қазақстан университеттерінің ынтымақтастық перспективалары
"Erasmus + шеңберінде Өзбекстан және Қазақстан университеттерінің ынтымақтастық перспективалары
![](/storage/news/230084013266142fc24f5ca327867767_e987fa84-45cb-40ac-b107-7b78d1346b37.jpg)
2024 жылдың 8 сәуірінде "География және табиғатты пайдалану" факультетінің ПОҚ және студенттері үшін "Erasmus + жоғары білім беру мекемелерінің әлеуетін арттыру бағдарламасы бойынша Өзбекстан және Қазақстан университеттерінің ынтымақтастық перспективалары" тақырыбында көшбасшылық дәріс өткізілді. Көшбасшылық дәрістің ұйымдастырушысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы болып табылады. Дәрісті физика-математика ғылымдарының кандидаты, Ташкент Ақпараттық технологиялар университетінің Нукус филиалының доценті Турениязова Асия Ибрагимовна өткізді. Көшбасшылық дәріс барысында тыңдаушылар Erasmus+ басымдықтары мен серіктестері туралы, Еуропа елдерінің жоғары оқу орындарында оқуға болатын бағдарламалар туралы: International Credit mobility, Erasmus+ Call 2024, Jean Monnet Actions, Erasmus Mundus Joint Masters және т. б. ақпараттармен таныстырды. Кездесу соңында ұйымдастырушылар мен тыңдаушылар Erasmus+жоғары білім беру мекемелерінің әлеуетін арттыру бағдарламасы туралы мазмұнды баяндамасы үшін лекторға алғыстарын білдірді.
Басқа жаңалықтар
![](/storage/news/358906658866854dc795b23792688015_111.jpg)