«Сертификатталған Кәсіпкерлік курсы»

9 сәуір, 2024

2023-2024 оқу жылының көктемгі семестрінде «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Иляшова Г.К. «Кәсіпкерлік» пәні шеңберінде ТДМ-ның 4-ші мақсатына сәйкес «Сапалы білім беруде»  оқу үдерісіне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Экономика» кафедрасы оқытушыларымен әзірленген «Кәсіпкерлік» ЖАОК-ны кіріктіре отырып студенттерге осы курсты тереңінен түсінуге, жан жақты білімдерін кеңейтуге мүмкіндік туғызған. Соның нәтижесінде университеттің  «6B11101 - Туризм, 6B11103 – Мейрамхана және қонақ үй бизнесі», «6B07201-Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» ББ бойынша 1 және 3 курс студенттері Сертификат ала отырып өздерінің болашақ мамандықтарында бизнестің негізін қалады.