"ҚазҰУ Үздік жас ғалымы- 2024"

5 сәуір, 2024

PhD докторы, биология және биотехнология факультеті деканының оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Құсманғазинов Әділет Болатұлы "ҚазҰУ Үздік жас ғалымы- 2024" байқауының жеңімпазы атанды. Ғылым күні қарсаңында Басқарма мүшесі-Ректор Ж. Қ. Түймебаев "ҚазҰУ Үздік жас ғалымы" байқауының жеңімпаздарына дипломдар мен 100 мың теңге сомасына сертификаттар табыс етті. 

Құсманғазинов Әділ - 500 ғалым бағдарлама аясында Болашақ стипендиаты. 40-тан астам ғылыми еңбектердің авторы, оның 11 мақаласы Scopus және Web of Sciences дерекқорына кіретін халықаралық журналдарға кіреді. 3 патент пен монографияның авторы, авторлық куәлігі бар. Хирш Индексі-2. Ол жыл сайын әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми-зерттеу институттарында біліктілігін арттырады. 6-дан астам гранттық қаржыландырудың ғылыми жобаларын және нысаналы қаржыландыру жобаларын орындауға қатысты. Әділ Болатұлы Құсманғазиновты марапатымен құттықтаймыз, шығармашылық табыс пен кәсіби өсуді тілейміз!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz