“Әдебиеттану” мамандығының 2-курс студенттері белгілі ғалым, публицист, профессор Бауыржан Омарұлы еңбектеріне талдау жасаған Қанипаш Мәдібаеваның “Қаратерең симфониясы” кітабымен танысты. Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, эдвайзеріміз Ш. Шортанбай кітаптың мазмұны мен академик ғұмыры жайлы өміртанытқыштық қасиетін айтып өтті. Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: “Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз” , — деп айтып өткен болатын. Сол пікірдің төңірегінде кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жайлы сөз қозғалып, кітап оқу маңызы атап өтілді. Қорытындылай келе, қоғамда сауатты, білімді тұлғаларды қалыптастару үшін кітап - таптырмас құрал екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік.