Білім берудің инновациялық технологиялары

9 сәуір, 2024

Химия және химия­лық технология факуль­тетінің Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы ұйымдастырған гиб­ридтік, офлайн-онлайн форматта өткізген ха­лық­аралық қысқы мектеп «Ғылым мен білім беруді ұйымдас­ты­рудың заманауи техно­ло­гиялары» тақыры­бына арналды. 

Аталған іс-шара аясында «Хи­миялық технологияның не­гізгі үдерістері мен аппарат­та­ры» жаппай ашық онлайн кур­сын (ЖАОК) жасау кезең­дері жайында кафедрада доцент мін­детін атқарушы Гүлзира Ва­силина баяндама жасады. Біз, жоғарыда аталған кафедраның доценттері, авторлық ұжымның мүшелері болдық. Семинар тақырыбының мазмұны курс идеясын қалыптастыру, жоба­лау мен жоспарлау, контент жа­сау үдерістері, қиындықты еңсеру және онлайн курспен жұмыс нәтижесінде алынған сабақтар сияқты мәселелерді жан-жақты қарастырып, тал­дау­ға негізделді.

Әзірленген ЖАОК курсы open.kaznu.kz сайтына жүкте­ліп, ішкі және сыртқы сарап­тамадан өтті. Курс «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс тех­нологиясы» және «6B07102 – Химиялық инженерия» ма­ман­дықтарының студенттері үшін 2023/24 оқу жылының көк­темгі семестрінің пәндері бо­йынша оқу үрдісіне бірікті­ріл­ген. «Химиялық технологияның не­гізгі үдерістері мен аппарат­та­ры» курсы химиялық техно­ло­гия үдерістерінің негізгі пара­метр­ле­рін есептеудің жал­пы тәсіл­дері мен амалда­ры­н­а арналған. Бұл курс хи­мия-технологиялық маман­дық­тардың студенттері мен тың­даушылары өздерінің кәсі­би қызметінде нақты тех­но­логиялық үдерістерге арналған тал­дауды, математикалық си­пат­таманы және инженерлік есеп­терді өз бетінше игеру­ле­ріне, бекітулеріне және одан әрі жүргізулеріне бағытталған. Ги­дродинамикалық, жылу және мас­са алмасу үдерістері бо­йын­ша тақырыптарды қамти­тын инженерлік пән бойынша оқу материалдарына қара­па­йым және жылдам қол жеткізу, сон­дай-ақ оқытудың еркін кес­тесі аталған курсты өн­дірістен қол үзбей, химия-техно­ло­гиялық бейіндегі студенттер мен ин­же­нерлер үшін бірегей және ыңғайлы етеді.

Жәния ЕШОВА,

х.ғ.к., доцент

Дина АҚБАЕВА,

х.ғ.д., доцент