ОРАЗА АЙТ ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

10 сәуір, 2024

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

оқытушы-профессорлары, қызметкерлері мен

білім алушы жастары!

 

Сіздерді Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында:

«Ата дініміз адамзатты татулық пен тыныштыққа, қамқорлық пен мейірімділікке, жанашырлық пен жасампаздыққа үндейді.

Адал еңбек етіп, адал табыс табуға шақырады.

Мұның барлығы, түптеп келгенде, бүкіл еліміздің ырысты ынтымағын арттыруға ықпал етеді.

Отыз күн оразадағы сабыр мен қанағатқа негізделген игі амалдың бәрі Айт мерекесінің шынайы болмысын айшықтай түседі», – деп атап өтті.

Ораза айт – барша мұсылман қауымының ұлық мейрамы.

Исламның игі құндылықтары ұлтымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып,  ізгілік пен мейірбандыққа, адалдық пен бірлікке үндейді.

Еліміздің еңсесі биік, тұғыры берік болсын.

Арман-мақсаттарыңыз орындалып, шаңырақтарыңыздан шаттық, қуаныш кетпесін.

Сіздерге мықты денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.

Айт қабыл болсын!

 

Ізгі ниетпен

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ